Социум

“Мен боспын!” Мұхтар Жәкішев жаза өтеу мерзімі толық аяқталғанын қуанышпен хабарлады

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев өзіне тағылған жазаның толықтай аяқталғанын жазды, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі.


Жаза ерзімі толықтай аяқталғанын Жәкішев Facebook-тегі парақшасында жазды. 

“Бас бостандығымнан айырылу мерзімім аяқталды. Мен боспын”, — деп жазады ол.

Айта кетейік, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының экс-басшысы «Қазақстанның ірі уран кен орындарындағы үлестер түрінде мемлекет сеніп тапсырған мүлікті оларды бірқатар фирмалардың пайдасына иеліктен шығару жолымен жымқырды», Қазақстанның уран саласына залал келтірді деген айыптармен 2009 жылдың  21 мамырында қамауға алынған еді.

Кейін 2020 жылдың наурызында  шартты түрде мерзімінен бұрын босап шықты. Сол кезде жазасының үш жыл, екі ай және 17 күні қалған.

Осылайша 14 жыл бұрын тағылған айып мерзімі толықтай аяқталып отыр. Мұхтар Жәкішев «Қазатомөнеркәсіп» компаниясын 1998-2009 жылдар аралығында басқарды.

Другие новости

Back to top button