Мемлекеттің миллиардтары қалтада: мекемекелер азық-түлікті 500% қымбатқа сатып алған
Еліміздің бірқатар әлеуметтік мекемесі азық-түлікке 500%-ға дейін үстемақы қосып сатып алған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ЦИФРЛАР
1100-ден астам мемлекеттік мекемелер (мектептер, балабақшалар, ауруханалар, балалар үйі және т.б) азық-түлікті жоғары бағамен сатып алған. 2024 жылы Қаржылық мониторинг агенттігі азық-түлік бағаларын көтерудің 817 жағдайын анықтаған, оларға қатысты материалдарөңірлік комиссияларға тапсырылды.
685 мекеменің мемлекеттік сатып алу келісімшарттары қайтақаралып, нәтижесінде 370 млн теңгеден астам қаржы үнемделген.
Агенттік мемлекеттік мекемелердің азық-түлік сатып алу қызметін қадағалап, «алып-сатарлық» схемаларды анықтауға бағытталған жобаны жүзеге асырып жатыр. Бұл жұмыс кәсіпорындардың қызметіне араласусыз, тек IT құралдарын пайдалану арқылы жүргізіледі.
ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІ
Жүргізілген жұмыс нәтижесінде 69 тиімсіз делдал шеттеліп, 600 әкімшілік хаттама толтырылды, 11 млн теңге көлемінде айыппұл төленді. Осылайша, Ақтөбе облысының 80 балабақшасында ҚМА Департаменті қабылдаған шаралары нәтижесінде қарақұмықтың, картоптың, сәбіздің, қанттың, жұмыртқаның және тұздың бағасы төмендетілді.
Мәселен, бір кәсіпкер балабақшаға қарақұмықтың бағасын 500%-дан астам көтеріп жеткізіп берген.
Қостанайда 117 әлеуметтік мекеме қарақұмықты, қантты, пиязды, картопты және жұмыртқаны 180%-ға дейін үстемақы қосып сатып алғаны анықталды. ҚМА Департаментінің араласуынан кейін Қостанай облысындағы барлық мемлекеттік мекемелерде қосымша келісімшарттар жасалып, нәтижесінде 60 млн теңгеге жуық қаржы үнемделді.
Осындай жұмыстар Астанада және Қарағанды облысында 175 балабақшада да жүргізіліп, 100 млн теңгеден астам қаржы үнемделген.