Госорганы

Мемлекеттік қарыз жалпы ішкі өнімге шаққанда 25 пайыздан төмен деңгейде – Ерұлан Жамаубаев

Мемлекеттік қарыз жалпы ішкі өнімге шаққанда 25 пайыздан төмен деңгейде. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Үкіметтің және Жоғары аудиторлық палатаның 2022 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін қарастыру кезінде Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Мемлекеттік борышқа қатысты айтатын болсақ, қазіргі кезде барлық белгіленген ковенанттар сақталған. Мемлекеттік қарыз жалпы ішкі өнімге шаққанда 25 пайыздан төмен деңгейде қалыптасқан. Қаржылық шектеулерді қатаң сақтау саясаты келешекте де жалғастырылатын болады. Бұл мәселе Үкіметтің тұрақты бақылауында. Біз қабылданған міндеттемелердің ашықтығы мен айқындығын арттыру бойынша Жоғары аудиторлық палатаның ұсынымдарын қолдаймыз. Олар жұмыс барысында ескерілетін болады», — деді Қаржы министрі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, министр былтыр мемлекет өзінің әлеуметтік және басқа да міндеттемелерін толық көлемде орындағанын айтты.

Другие новости

Back to top button