Госорганы

Мемлекеттік мекемелерде балалардың зақымдануы жиілеп кетті – Динара Зәкиева

ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева балаларға арналған мемлекеттік мекемелердің жағдайын жақсарту мәселесін көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

«Мысалы, 577 интернаттың жартысы жөндеуді қажет етеді. Мемлекеттік 120 лагерь бар, олардың да жағдайы нашар. Сондай-ақ балаларға қызмет көрсететін ұйымдарға арналған бірыңғай ережелер мен талаптар енгізу қажет. Өйткені кейінгі кездері мекемелерде балалардың жарақаттануы, құқықтарының бұзылуы жиілеп кетті», — деп жазды Д. Зәкиева Facebook желісінде.

Уәкілдің айтуынша, Президент барлық саладағы денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғауға қатысты мәселелерді шешу үшін ата-аналармен, балалармен, үкіметтік емес ұйымдармен, өңірлердегі бала құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдермен бірге жұмыс істеуді тапсырған.

«Сол себепті қойылған міндеттер мен ұсыныстарды іске асыруды талқылау мақсатында күзде барлық үкіметтік емес ұйымдарды жинаймыз деп жоспарлап отырмын», — деді Динара Зәкиева.

Айта кетейік, кеше Мемлекет басшысы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваны қабылдаған еді.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл 152 ауданда Отбасын қолдау орталығын ашуды ұсынып отыр.

Сондай-ақ, Д. Зәкиева балаларға жасалған қылмыстарға берілетін жазаны күшейтуді, бала қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті арттыру керегін айтты

Другие новости

Back to top button