Госорганы
Мемлекетке жалпы құны 1,6 млрд теңге болатын орман учаскесі қайтарылды
Ақмола облысы Ақкөл ауданының прокуратурасы жалпы ауданы 264 га сауықтыру, туристік және спорттық мақсаттар үшін ұзақ мерзімге пайдалануға берілген орман қорының учаскесін мемлекетке қайтарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бас прокуратураның мәліметі бойынша учаске 2018 жылдан бастап көзделген мақсатта пайдаланбаған, жалдау ақысы төленбеген.
Сонымен қатар орман өрттері қаупіне қарамастан, олардың алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізбей, өртке қарсы жоспарлар әзірлемеген.
Жоғарыда аталған мән-жайлар аудан прокуратурасының актісі бойынша уәкілетті органмен сотқа жүгінуге негіз болды.
Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен ұзақмерзімді орман пайдалану шарты бұзылып, жалпы құны 1,6 млрд теңге болатын учаске мемлекет меншігіне қайтарылды.