Госорганы

Мемлекет шаруаларға киіктен келген шығынды өтеп бере алмайды — АШМ

 Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Үкімет кулуарында киіктен келген зиянға шағым айтып жүрген шаруаларға өтемақы төлеу жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Заңнамалық база болмаса, ешқандай көмек бере алмаймыз. Қазір нормативтік-құқықтық база әзірленіп жатыр. Экология және табиғи ресрурстар министрлігімен ақылдасып, жауапкершілікті бөліп реттемекшіміз», — деді министр.

Сондай-ақ, ол заңнамаға түзету енгізілмесе, шаруаларға киіктен қомақты шығын келгеннің өзінде өтеу мүмкін еместігін атап өтті.

«Нормативтік-құқықтық база болмаса, әзірге ешқандай төлем жасалмайды. Қазір осыған заңнама деңгейінде негіз түзіп жатырмыз», — деді Ербол Қарашөкеев.

Другие новости

Back to top button