Главное

Мемлекет меншігіндегі энергия нысандары бюджет қаражаты есебінен жөнделуі тиіс

Мемлекет меншігіндегі энергия нысандары бюджет қаражаты есебінен жөнделуі тиіс. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет меншігіндегі энергия нысандары бюджет қаражаты есебінен жөнделуі тиіс. Ал жеке нысандар «инвестицияны тарифке алмастыру» бағдарламасы аясында меншікті қаражат есебінен жаңғыртылуы тиіс. Үкімет бұл міндетті шешуге жедел түрде кірісуі қажет», — деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы жылу электр орталықтарымен қатар жылу желілерінің жағдайы да сын көтермейтіндігін бас айтты.

«Бүгінде 1,5 мың шақырымнан астам жылу желісі шұғыл арада ауыстыруды және жөндеуді қажет етеді. Олардың орташа тозуы 75 пайыздан асып түседі. Ал Арқалық, Риддер және Шемонаиха қалаларындағы желілер толықтай тозған. Үкіметке 3 жылдың ішінде аталған мәселені шешу керек. Комиссия баяндамасына сәйкес, сөз 528 млрд теңге жайында болып отыр. Бұл қаражатты бюджеттік кредиттеу және тарифтік саясат арқылы қарастыру қажет», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Другие новости

Back to top button