Образование

Мемлекет басшысы үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін шешу жолын ұсынды

Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті Жолдауында әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс екенін айта келіп, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы әзірленетінін мәлімдеді.

Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс.

Осы орайда президент апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін шешу үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынатынын атап өтті.

Осылайша, мемлекет басшысының айтуынша, 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасалады.

Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады. Жалпы, мектеп салу Үкімет және әкімдіктер үшін басты міндеттің бірі болуы керек.

Сондай-ақ президент жоғары сыныптарда математикалық білім мен ағылшын тілін тереңдете оқыту керек екенін айтты.

Жаһандық ғылыми-техникалық прогресті ескере отырып, орта мектепте жаратылыстану-математика пәндерін және ағылшын тілін оқытуды күшейту маңызды, — деп түйіндеді сөзін мемлекет басшысы.

 

Другие новости

Back to top button