Госорганы

Мемлекет басшысы Франциядағы алпауыт компаниялардың басшыларын қабылдады

Кездесулерде ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Франциядағы алпауыт компаниялардың басшыларын қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy БОРТ №1 телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Électricité de France (EDF) компаниясының бас директоры Люк Ремонды қабылдады.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Люк Ремонмен атом энергетикасы саласына озық технологияларды енгізу мәселесін талқылады.

Президент қазақстандық мамандар атом энергетикасы саласындағы әлемдік жетекші компаниялардың озық технологияларын зерттеп жатқанын жеткізді.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Air Liquide компаниясының президенті Франсуа Жаковты қабылдады.

Президентке Air Liquide компаниясының Қазақстандағы жобаларының жүзеге асырылу барысы және алдағы жоспары жөнінде мәлімет берілді.

Франсуа Жаков Қасым-Жомарт Тоқаевқа техникалық газ өндіру саласына маманданған Air Liquide компаниясы бұған дейін Қазақстанда жалпы инвестиция көлемі 120 миллион еуро болатын бірнеше жобаны жүзеге асырғанын айтты.

Атап айтқанда, «Эр Ликид Мұнай Тех Газы» бірлескен кәсіпорны Атырау мен Павлодардағы мұнай өңдеу зауыттарының базасында техникалық газ өндірісін жолға қойып, Атырау облысындағы полипропилен өндіретін KPI.Inc газ-химия кешені үшін сығымдалған ауа мен азот өндіретін қондырғы салған.

Одан кейін Мемлекет басшысы «Orano S.A» компаниясы Директорлар кеңеcінің төрағасы Клод Имовенді қабылдады.

Кездесу барысында атом өнеркәсібін дамыту мәселелері талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның Қазақстанда атқарып жатқан жұмысының қазіргі нәтижелері мен алдағы жоспары таныстырылды.

Клод Имовен KATCO бірлескен кәсіпорны Қазақстанда бір жылда өндірілетін уранның 15 пайызын және әлемдік өндірістің 7 пайызын өндіретінін мәлімдеді.

Другие новости

Back to top button