ГлавноеГосорганы

Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды

Мемлекет басшысы бүгін бірқатар заңға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq RuhyАқорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне геодезия, картография және кеңістіктік деректер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сондай-ақ Президент «Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы» заңды бекітті.

«Мемлекет басшысы Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», — делінген хабарламада.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Другие новости

Back to top button