Госорганы

Мемлекет басшысы Алматы жолдарына қатысты әкімдікке тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы жұртшылығымен кездесуінда қала жолдарына қатысты әкімдікке тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат БОРТ N1 Тelegram-арнасына сілтеме жасап.

Президент ескірген және экологиялық жағынан залал көп келтіретін көлік түрлерінен бас тарту керек екенін атап өтті.

«2025 жылдан кейін Алматы көшелерінде дизель отынымен жүретін автобустар қалмауы керек, яғни оның орнына газбен жүретін және электр қозғалтқышы бар қоғамдық көліктер қатынайды. Транзиттік жүк тасымалының басым бөлігін Үлкен Алматы айналма жолына көшіру де қалаға оң әсерін тигізеді», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы 6 радиалды және 4 ішкі магистральді көшелерді салу керек екенін айтты.

«Үкімет әкімдікпен бірлесіп бұл жобаларды қаржыландыру мәселелерін пысықтауы керек. Сондай-ақ қалаға кіреберістегі негізгі жолдарды қайта жаңғыртуды жеделдету қажет», — деді Президент.

Другие новости

Back to top button