Госорганы

«Мемлекет басшысы 70-ке толып жатыр!» Прокурорға шүйліккен бұрынғы министр Арыстанбек Мұхамедиұлы сотта ашуға мініп, айғайға басты

Сот отырысында Мәдениет және спорт министрі, кезінде Ұлттық музейді басқарған Арыстанбек Мұхамедиұлы ашуға мініп, айғайға басты. Шымбайына батқан сұрақтарға бола «бұлқан-талқан» болған сәтінің видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.  

Сот отырысында прокурор куәгерден Үндістандағы «Алтын адамның шеруі» көрмесі жайлы егжей-тегжейлі сұрап жатқанда Ұлттық музейдің экс-басшысы өзін-өзі ұстай алмай, айғайға басады. Бұрынғы министр қазіргі басшылықтың «ұстанымы» мен «Әділетті Қазақстан» идеясын алға тартып, прокурордың қызметін сынайды. Дауысы зорайып, ашу қысқан сәтінде Қасым-Жомарт Кемелұлының туған күні келіп қалғанын да сот залында отырғандардың есіне салып өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың 28 мамырында сот санкциясымен Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу «Алтын адамның әлем мұражайлары бойынша шеруі» халықаралық көрмесін өткізуге, сондай-ақ «Қазақстанның ұлттық киелі нысандары мен музей қорларын жалпымемлекеттік фотограмметриялық 3D-сканерлеу» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық цифрлық киноколлекциясын цифрландыру» жобаларына бөлінген бюджет қаражатын ұрлау фактілері бойынша жүргізілген болатын.

Одан бөлек, Арыстанбек Мұхамедиұлының Мәдениет және спорт министрі лауазымында болған кезінде туыстарының және үлестес тұлғаларының меншігіне «Су және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» РМҚК, «Қазақ энциклопедиясы» АҚ және «Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты» ЖШС заңсыз беруге қатыстылығы тексерілді.

Тергелген қылмыстық істер бойынша мемлекетке келтірілген залалдың алдын ала сомасы шамамен 7 млрд теңге деп бағаланған еді. 

Бұдан бұрынғы отырыста адвокат экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау тәртібін мырзақамаққа ауыстыруды сұраған болатын.

Другие новости

Back to top button