Главное

Мектептерде стоматология кабинеттерін ашуға не себеп болды

 Елімізде биыл жыл соңына дейін мектептерде 195 стоматология кабинеті ашылады. Бұл туралы «Jibek joly» телеарнасындағы «Бүгін LIVE» бағдарламасында профессор, Балалар және ортопедиялық стоматология кафедрасының меңгерушісі Ардақ Еслямғалиева айтты.

Фото: видеодан алынған скрин
— ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Болашаққа сау тіспен» бағдарламасы аясында балалардың ауыз қуысы денсаулығын жақсарту үшін мектептерде стационарлық-стоматологиялық кабинеттер ашылып жатыр. Қазір Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Жетісу, Алматы, Жамбыл облыстарында ашылды. 2025 жылы ел бойынша осындай 195 кабинет ашу жоспарланған, — деді ол.

Маманның айтуынша, 2016 жылы 15 жастағы жасөспірімдерде тіс құртының тарауы 75 пайыз болса, 2021 жылы — 86, 2024 жылы 87 пайызға жеткен.

— ҚР денсаулық сақтау министрлігі мен Оқу-ағарту министрлігі бірлесе жұмыс істеп жатыр. Елімізде оқушы саны 1000-нан асатын 1007 мекетп бар екен. ДДСҰ талабы бойынша оқушы саны мыңнан асқан мектепте осындай кабинеттер ашылуы тиіс. 2024-2028 жылдар аралығында елімізде осындай 987 мектепте тіс емдеу кабинетін ашу жоспарланған, — деді Ардақ Еслямғалиева.

Айта кетейік, бұған дейін мектептерде 1 мыңнан астам стоматология кабинеті ашылатынын хабарлаған едік.

Дерекөз: https://kaz.inform.kz/news/

Другие новости

Back to top button