Образование

Мектеп бітіру кеші: арнайы агенттіктер мен студия жалдауға ақша жинауға тыйым салынған

Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспанов биыл мектеп түлектерінің бітіру кешін өткізуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Бүгін еліміздің барлық мектебінде соңғы қоңырау салтанатты шарасы өтті. Мектеп түлектері өмірінің маңызды сәті ретінде бітіру кешін ұйымдастыруы мүмкін. Оны өткізу түлектер мен олардың ата-анасының еркінде. Алайда аталған шараны өткізудің бірқатар ережесі бар екенін ұмытпаған жөн. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында ата-аналарға мерекелік іс-шараларды ұйымдастыруда арнайы агенттіктерді тартып, студия жалдауға ақша жинауға тыйым салынған», — деді Еділ Оспанов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, мектеп бітіру кештерін өткізу бойынша педагогтер мен ата-аналарға түсіндіру жұмысы жүргізілді.

«Сонымен қатар балалардың қауіпсіздігін қамту мақсатында олардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарда болуына заңмен тыйым салынады. Ата-аналары балаларымен бірге болып, қадағалау қажет. Балалардың қауіпсіздігіне ата-ана да, құзырлы органдар да барлығымыз жауаптымыз», — дейді министрдің орынбасары.

Другие новости

Back to top button