Госорганы

Медициналық сақтандыру қорының қызметкерлері қанша айлық алады

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Сәбит Ахметов қор қызметкерлерінің орташа айлығы қанша екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«2022 жылдың қорытындысы бойынша қор қызметкерлерін ұстауға 9 млрд теңгеден астам қаржы кетті. Бұл — шамамен 1 мың адамға деген сөз. Орталық аппаратты қосқанда, аумақтық бөлімшелерді, есептегенде осындай. Сондай-ақ, бүкіл облыстардағы филиалдарда 700-дей адам жұмыс істейді. Орташа айлық 450 мың теңгенің шамасында», — деді Сәбит Ахметов журналистердің сұрағына берген жауабында.

Оның пайымынша, қор мамандарының жұмысы оңай емес екенін ескергенде бұл соншалық көп шығын да емес.

«Сіздерге бірден айтайын. Бұл соншалық үлкен сома емес. Өйткені жыл сайынғы мамандардың тұрақсыздығы 22% болады. Бұл шамамен жыл сайын әрбір бесінші адам жүктеменің ауыр болуына байланысты жұмыстен кетеді деген сөз. Жұмыс көп болғандықтан шыдамай кетіп жатады», — дейді қордың басқарма төрағасы.

Сондай-ақ, ол өзі атаған қаражаттың 80 пайыздайы еңбекақы қорына жұмсалса, қалғаны өзге де шығындарға кететінін айтты.

Другие новости

Back to top button