Медициналық 8 анықтама енді қағаз жүзінде талап етілмейді – тізімі
Енді Қазақстан медициналық анықтаманың 8 түрі қағаз жүзінде талап етілмейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Жаңа жылдан бастап жеке медициналық кітапшалар беру, есепке алу және жүргізу электронды форматқа көшіріледі. Аталған тетікті енгізу азаматтарға құжатты бірден бірнеше ұйымға ұсынуға мүмкіндік береді, бұл олардың уақыты мен қаражатын үнемдейді. Бүгінде 1,6 млн-ға жуық қазақстандықтың санитарлық кітапшасы бар. Өзгерістер басқа медициналық құжаттардың берілуіне де әсер етті. Сондай-ақ азаматтарға ыңғайлы болу үшін қағаз түрінен электронды форматқа көшіру жоспарланып отыр.
ӨЗГЕРІС 8 МЕДИЦИНАЛЫҚ АНЫҚТАМАҒА ҚАТЫСТЫ
- Еңбекке жарамсыздық парағы;
- 075/у «Медициналық анықтама»;
- 026/у «ДКК қорытындысы»;
- 073/у «ТҚ басқаруға рұқсат беру туралы анықтама»;
- 069/у «Санаторий-курорттық карта»;
- 052-2/у «Бала денсаулығы паспорты»
- 076/у «Қаруға рұқсат алу»;
- 038/у «Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама».
Қазіргі уақытта бұл мақсатқа жету үшін ақпараттық жүйелерді интеграциялау жұмыстары жүргізілуде. Құжаттар үшінші қолға азаматтардың келісімімен ғана «еDensaulyq» бөлімінде медициналық деректерге қол жеткізу мүмкіндігі бар «eGov mobile» қосымшасы арқылы беріледі.
Сонымен қатар, жаңа жылдан бастап балаға екпе салуға рұқсат беру немесе бас тарту да электронды түрде тіркеледі. Егер екпе салынған пациент вакцинадан кейінгі асқынуларға шағымданған жағдайда ғана әрекет алгоритмі өзгереді. Медицина тілінде мұны иммунизациядан кейінгі жағымсыз әсерлер деп атайды. Дәрігер дереу көмек көрсетуге, электронды хабарлама ресімдеп, оны мемлекеттік органдарға тапсыруға міндетті болады.