«Maxi чайды ішпеңдер»: Имам «қазақтар Ислам қабылдамаған» деген Баян Алагөзоваға бойкот жариялады

Атышулы продюсер Баян Алагөзованың “Қазақтар Ислам дінін қабылдамаған” деген мәлімдемесі дін өкілі Данияр Кенжеұлына жақпай қалды. Имам продюсердің күйеуі Тұрсен Алагөзов шығаратын “Maxi чайды” ішпеуге шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Баянның “қазақтар Ислам дінін қабылдамаған” деген сөзі жай ғана сауатсыздық емес, бүкіл ұлттың рухани тарихына қарсы жасалған соққы. Бір халықтың санасын мұқатуға, діни тұтастығын мазақ етуге бағытталған аса қауіпті мәлімдемеҚазақ ежелден мұсылман. Бұл — шежіреден шегеленген ақиқат. «Мұсылман болмағансың» деу — тек дінді емес тарихты, рухты жоққа шығару. Егер жүректегі иман тірі болса, Баянның сөзі титтей де салмақ салып, жанды түршіктірсе — “Maxi чайды” ішпеңдер. Бойкот жариялаңдар”, – деп жазды Данияр Кенжеұлы.
Имамның әлеуметтік желідегі жазбасы көпшіліктің ашуын туғызды.
“Қыздарды зорлағандарға неге бойкот жарияламасқа?”, “Кәсіп аш, адамдарға жұмыс бер, пәтер алып бер, содан кейін сөйле”, “Әйелдерді өлтіріп жатыр, балаларды зорлап жатыр, бірақ ол түк емес. Кедейлік пен жемқорлық – қалыпты дүние. Ал қазақтар бастапқыда мұсылман болмаған деген еді, бітті, бойкот”, – деп жарыса жазды желі қолданушылары.
Еске салайық, бұған дейін Данияр Кенжеұлы ер адамның гинеколог болуы – харам екенін айтып, көптің талқысына түскенеді.