ГлавноеГосорганы

Мәулен Әшімбаев: Мұндай алапат өрт елімізде ешқашан қайталанбасын

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Абай облысындағы өртте қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Абай облысында бәріміздің қабырғамызды қайыстырған қиын жағдай болғанын білесіздер. Өкінішке қарай, алапат өрттің салдарынан 15 орманшы қаза тапты. Соған байланысты осы аптаны жалпыұлттық аза тұтумен бастадық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірге арнайы барды. Қайтыс болғандардың отбасыларына көмек көрсету жөнінде тиісті органдарға нақты тапсырмалар берді. Жалпы, өрт сөндіру жұмыстары және осы бағыттағы басқа шаралар Президенттің тікелей бақылауында. Қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына Сенат атынан тағы да көңіл айтамыз. Марқұмдардың имандары саламат болсын! Енді мұндай төтенше оқиғалар елімізде ешқашан қайталанбасын», — деді М. Әшімбаев.

Еске салайық, 8 маусым күні тұтанған«Семей» орманы резерватындағы өртпен күреске жұмылдырылған 14 орманшы қаза болды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Абай облысына барды.

12 маусым елімізде Аза тұту күні болып жарияланды.

13 маусымда Абай облысының полицейлері 10 маусымда жоғалып кеткен Бесқарағай ауданы Долон ауылының тұрғыны, тракторшы Сергей Николаевич Архиповтың мәйітін тапты.

 

Другие новости

Back to top button