Спорт

Матч кезінде жарақат алған «Қайрат» футболшысының жағдайы өте ауыр — клуб

 Кешегі матч кезінде ауыр жарақат алған «Қайрат» футбол командасының ойыншысы Арсен Буранчиевке ота жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат клубқа сілтеме жасап.

 

Естеріңізге сала кетейік, кеше орталық стадионда өткен жергілікті «Қайрат» және «Ақтөбе» командалары арасындағы футбол матчында Арсен Буранчиев допқа таласқан сәтте ауыр жарақат алып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген болатын.

Қазіргі уақытта Арсен реанимацияда жатыр. Оның жағдайы өте ауыр. Футболшыға дәрігерлер мұқият қарап жатыр.

«Қайрат» ФК мен Қазақстан футбол федерациясының басшылары ауруханада және олар қажетті көмегін көрсетіп жатыр.

«БАҚ өкілдерінен клубтың баспасөз қызметіне жүгінуін және тексерілмеген ақпаратты таратпауын сұраймыз. Біз Арсен үшін алаңдап, оған тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз» деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.

Арсен Мұқашбекұлы — қазақстандық футболшы, «Қайрат» клубының және Қазақстан жастар құрамасының жартылай қорғаушысы.

2001 жылы 9 қыркүйекте Қырғызстан астанасында дүниеге келген.

Футболдағы жолын 2018 жылы екінші лигадағы «Қайрат М» клубының құрамында бастаған.

2021 жылдың 24 наурызында Қазақстан жастар құрамасы сапында Македония жастар құрамасына қарсы ойында (2:1) дебют жасады.

Айта кетейік, Алматыда кешегі «Қайрат»-«Ақтөбе» матчынан кейін футбол жанкүйерлері жанжал шығарды.

Другие новости

Back to top button