Главное

«Мәселені омыртқаммен сезіндім»: Вице-премьер Қазақстандағы жолдардың сапасы туралы айтты

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Қазақстандағы жолдардың сапасына баға берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Үкіметтегі брифинг барысында вице-премьер Батыс Қазақстандағы жолдардың жағдайына тоқталды.

«Мысалы, Батыс Қазақстан облысындағы жолдар өте нашар. Су тасқынына байланысты біраз жерді араладым. Жарты жыл уақытымды батыста өткіздім. Мәселені омыртқаммен сезіндім деуге болады», – деді Бозымбаев үкіметтегі брифингте.

Оның айтуынша, бұл өңірде жергілікті де, республикалық маңызы бар жолдарға да барынша қаржы бөлу қажет.

Другие новости

Back to top button