Жетысуская область
Марат Сүлейменов Жетісу облысы білім басқармасының басшысы болды
Жетісу облысы әкімінің өкімімен Марат Сүлейменов облыстық Білім басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Марат Бекбосынұлы Сүлейменов 1981 жылы туған. Білімі жоғары. Абай атындағы Алматы университетін, Алматы технологиялық университетін «тарих және география пәндерінің мұғалімі», «менеджмент» мамандықтары бойынша бітірген.Еңбек жолын Алакөл ауданы Бұлақты ауылындағы орта мектептің мұғалімі болып бастады. Әр жылды Алакөл аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, білім бөлімі бастығының орынбасары, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, ішкі саясат бөлімінің басшысы, аудан әкімі аппаратының басшысы, Астана қаласында ҚР Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитеті басқармасының бас сарапшысы, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитеті Мазмұн және әдістамалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы қызметтерін атқарды.2023 жылдың қаңтарынан – Талдықорған қаласында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті Жетісу облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды.