Туркестанская область

МАҚТААРАЛДА 11 ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Биыл Мақтаарал ауданында 10 миллиард теңгеге жуық қаржыға 11 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 6 мектеп, 2 әкімшілік ғимараты, 2 мәдениет үйі мен кітапхана және 1 спорт сарайы салынуда.

Жаңа оқу жылында А.Қалыбеков ауылдық округіне қарасты Абат ауылында Ж.Нұрлыбаев атындағы жалпы орта мектептің 300 орындық жаңа ғимараты пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Ауданның сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің тапсырысымен конкурстық құны 867 миллион теңгеге мердігер «Нүрі-Л-Жетісай» ЖШС-і нысанның құрылыс жұмыстарын жүргізді. Ғимараттың жалпы ауданы 6936,39 шаршы метрді, жер телімінің көлемі 1,6 гектарды құрайды.

Бұдан бөлек, Иіржар ауылдық округі Алаш ауылындағы 300 орындық Жас алаш мектебінің құрылысы, Бірлік ауылдық округі Еркінабад ауылындағы 200 орындық №113 мектеп құрылысы, Иіржар ауылдық округі Азамат ауылындағы 200 орындық Х.Алимжан атындағы мектеп құрылысы, Жаңа жол ауылдық округі Нұрлыжол ауылындағы 200 орындық Нұрлыжол мектебінің құрылысы, Бірлік ауылдық округі Өркениет ауылындағы 200 орындық мектеп құрылыстары қазіргі таңда қарқынды жүргізілуде.

Мырзакент кентіндегі Мадиходжаев көшесінің бойынан әкімшілік ғимаратының құрылысы, Мырзакент кенті аумағынан спорт сарайының құрылысы, Мырзакент кенті аумағынан №2 әкімшілік ғимарат құрылысы, Еңбекші ауылдық округі Т.Жайлыбаев ауылы және  Жамбыл ауылдық округі Жалын ауылдарынан салынып жатқан мәдениет үйі мен кітапхананың құрылыстары да кестеге сәйкес жүріп жатыр.

Айта кетейік, мемлекеттік сатып алу жұмыстары аяқталғаннан соң тамыз айының соңына дейін Мырзакент кентінде орталық саябақтың құрылысы басталатын болады.

 

Другие новости

Back to top button