Культура

«Мақпалдың өзі айтқаны дұрыс болды»: Заманбек Нұрқаділовтің ұлы өгей қарындасы Мерейге қатысты пікір білдірді

Қайрат Заманбекұлы “Уақыт көрсетеді” бағдарламасында әкесінің екінші әйелінен жауап алғысы келетінін және өгей қарындасы Мерей туралы айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Белгілі саясаткердің ұлы Мерейдің асыранды қыз екенін растады.

“Мақпалдың бейнеүндеуін әлеуметтік желіден көрдім. Бұл – ақиқат. Мапалдың бұл туралы өзі айтқаны дұрыс болды. Бір сұхбатта Мерейдің әкемнің туған қызы емес екенін айтып қалдым. Содан кейін бұл ісіме өкіндім. Оның жарияланбағаны дұрыс болды. Мерейдің асыранды қыз екенін мен де, анам да, Құрайлай да біледі. Мерей – Мақпалдың туған сіңлісінің қызы. Сырт келбеті әкеме ұқсайтыны рас, асыраған сол болғандықтан ұқсап кеткен болар. Бірақ Мерей қалай Заманбекқызы болды, Заманбекқызы болып қалады. Біз Құралай екеуіміз оны шеттетпейміз. Әкемнің сыртта басқа балалары жоқ. Мерей – жақсы, ақылды қыз. Қазір институтта оқып жатыр”, – дейді Қайрат Нұрқаділов.

Сондай-ақ ол әкесінің екінші әйелі Мақпал Жүнісовадан бір сауалға жауап алғысы келетінін айтты.

“Әкемді өлтірген күні не болғанын бастан-аяқ айтып берсе екен деймін. Әкемнің үйінде орнатылған бейнекамералар болған. Оларды оқиға болардан 3-4 ай бұрын жөндеуге берген. Ауладағы камералардың да қайда орналасқанын көбісі білетін, сол жерді айналып өтетін. Қазір архивті көтергеннің өзінде бейнежазбалар толық сақталмаған. Мақпалдан сол күні болған оқиғаны айтып берсе болғаны, басқа ешетең сұрамаймын. Аман болсын”, – дейді саясаткердің ұлы.

Бұған дейін Қайрат Заманбекұлы биліктегілердің әкесіне қомақты қаржы ұсынып, пара бермек болғаны жайлы айтқан болатын.

Другие новости

Back to top button