Главное
Маңғыстаулық жұмысшылар Тоқаевқа үндеу жасады

Маңғыстауда «TES Service Company» ЖШС жұмысшылары жалақының көтерілуін талап етіп, президентке үндеу жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Lada.kz мәліметінше, үндеу жасаған жұмысшылар бұған дейін «Ftc Win» аутсорсингтік компаниясында жұмыс істеген. Кейіннен олар «TES Service Company» компаниясына ауыстырылған.
Бүгін 3 наурызда жұмысшылар, оның ішінде, электршілер, вахтерлер, аула сыпырушылар, темір ұсталары, сантехниктер үндеу жасаған. Олардың басты талабы – жалақыны көтеру.
— Жалақымыз аз, 180-200 мың теңгеден аз. Азық-түлік күн сайын қымбаттап жатыр. Оның үстіне, пәтерді жалдау ақысы да көтеріліп жатыр, дейді қызметкерлер.
Жұмысшылар үндеуін президент Тоқаевқа, “Қазмұнайгаз” төрағасы Асхат Хасеновке, облыс басшысы Нұрдәулет Қилыбайға, Жаңаөзен әкімі Жансейіт Қайнарбаевқа, “Өзенмұнайгаздың” бас директоры Жанболат Саймағамбетовке жолдады.