Мангистауская область

Маңғыстауды «ҚазАзот» электр қуатымен қамтамасыз етеді

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен Маңғыстау облысы басшылығының электр эне«ҚазАзот» акционерлік қоғамы халықты қолдау мақсатында стансаның жұмысын тоқтатып, электр энергиясын береді.

Бұл туралы «ҚазАзот» АҚ баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Өңірдегі электр энергиясының қазіргі тапшылығын ескерген «ҚазАзот» басшылығы электр қуатын тұрмыстық тұтынушыларға бағыттау туралы шешім қабылдады. Қазір «ҚазАзот» АҚ зауыты желіге 24 МВт/сағ электр энергиясын өндіріп жатыр. Өндіріс толық тоқтатылғаннан кейін электр энергиясын желіге шығару 29÷30 МВт/сағ дейін артады», — делінген баспасөз мәліметінде.

Өндірісті тоқтату кезең-кезеңімен орындалады. Кеше, 13 тамызда зауытта кешенді минералды тыңайтқыштар цехының жұмысын тоқтату басталды. Бүгін түнде, 14 тамызда күрделі минералды тыңайтқыштар зауыты, әлсіз азот қышқылы цехы және аммиак өндірісі тоқтатылады.

Другие новости

Back to top button