Мангистауская область

Маңғыстауда құны 30 миллиард теңге болатын көрікті жерлердің бірі заңсыз жекенің қолына өтіп кеткен

Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауынан 3,4 мың гектар жер учаскесі жеке тұлғаға заңсыз берілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Маңғыстау облысының прокуратурасының мәліметінше, Кендерлі құмқайыры деп аталатын бұл учаске шығанақтың оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай 23 шақырымға созылатын облыстың басты көрікті жерлерінің бірі.

Деректерге сай жер учаскесі 2007 жылы «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ға сауықтыру кешенін салу үшін 3,1 миллиард теңгеге сатылған. Алайда кейін «Гелиос» ЖШС-не 3,3 миллиард теңгеге қайта сатылғаны анықталды.

“Талдаумен аталған жер учаскесі ЖАО-мен ҚР Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, заңсыз берілгені белгілі болды. Атап айтқанда, жер комиссиясының отырысы өткізілмегені, сондай-ақ жер учаскесіне жерге орналастыру жобасы бекітілмегені анықталды. Осылайша, жер учаскесін берудің жалпы тәртібі бұзылды (Жер Кодексінің 43-бабы). Облыс прокуратурасының қадағалау актісінің негізінде уәкілетті орган сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тану туралы сотқа талап-арыз енгізді”, – делінген хабарламада.


Экономикалық соттың шешімімен талап қоюшының сұрауы толық көлемде қанағаттандырылды.(заңды күшіне енген жоқ) Ал жер учаскесінің бүгінгі кадастрлық құны 30 миллиард теңгеден асады.

Еске салсақ, бұған дейін Каспий жағалауында олигархтарға тиесілі болған «алтын» аумақтар мемлекет меншігіне қайтарылғанын хабарлаған едік.

Другие новости

Back to top button