Мангистауская область

Маңғыстауда мұнай қалдықтарын төккен компания 60 млн теңгедей айыппұл төлейді

Мамандар зерттеу үшін топырақтан алынған сынаманың қорытындысына сүйенген

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы тұрғындары «VOID» компаниясына қатысты арызданған. Олар мұнай мекемесі қоршаған ортаға мұнай төккенін мәлімдеді, деп хабарлайды  inbusiness.kz .

Жергілікті тұрғындардың шағымынан кейін экологтар оқиға орнына барды. Облыстық экология департаменті мекемеге жоспардан тыс тексеру жүргізеді. Тексеру қорытындысы мұнайдың төгілуінен аймаққа зақым келгенін нақтылады.

Мамандар зерттеу үшін топырақтан алынған сынаманың қорытындысына сүйенген. Экологтар заңға сәйкес шара қолдану үшін келтірілген шығынды есептеді. Аталған мекеме Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 87, 106, 238 және 320-баптарында көзделген талаптарды бұзғаны анықталды.

Аталған бұзушылықтар үшін серіктестік ҚР ӘҚБтК-нің төрт бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, кәсіпорын мемлекетке  59 млн 728 мың 500 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

 

Другие новости

Back to top button