Мангистауская область
Маңғыстауда колледж бухгалтері студенттердің шәкіртақысына бөлінген 243 млн теңгені жымқырған
Маңғыстау техникалық колледжінде 243 млн теңге жымқырылғаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тексеріс нәтижесінде бас бухгалтердің 243 млн теңге көлемінде іссапар, шәкіртақы және салық міндеттемелері үшін көзделген қаражатты өзінің жеке шотына заңсыз аударып, бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды.
«Осы факті бойынша ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2) тармақшасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс арнайы прокурордың өндірісінде, сот сараптамалары тағайындалды.
Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді», — делінген прокуратура хабарламасында.