Выбор редакцииМангистауская область

Маңғыстауда жоғалып кеткен 18 жастағы жігіт 9 күннен бері табылмай жатыр

Ол Шетпе елдімекеніндегі үйінен шығып кеткен

Маңғыстауда жоғалып кеткен Асқар Ерланұлы Қылышбеков 9 күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

18 жастағы Асқар Қылышбеков 2 желтоқсанда Маңғыстау ауданының Шетпе елдімекеніндегі үйінен шығып кеткен.

«Асқарды 2 желтоқсаннан бері еліміздің түпкір-түпкіріндегі азаматтар болып іздеп жатырмыз. Әлі табылған жоқ»,- деді «Лидер.кз» еріктілер қозғалысының жетекшісі Давид Миникаев.

Асқардың бойы ұзын — 180 см, арық, шашы қара. Оның үстінде қара күртесі, қанық көк шалбары, қолында қалың киімдері салынған пакеті болуы мүмкін.

Другие новости

Back to top button