Мангистауская область

Маңғыстауда жоғалған жігіт 18 күннен кейін байланысқа шықты

Екі апта бұрын Маңғыстау облысында жоғалып кеткен 18 жастағы Асқар Қылышбеков өзі байланысқа шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kzсайтына сілтеме жасап.

 

2 желтоқсанда Шетпе ауылында жігіт үйінен шығып, белгісіз бағытта кетіп, хабар-ошарсыз кетті. Құқық қорғау органдары мен Lider.kz еріктілер қозғалысының белсенділері жігітті іздеді.

18 күн өткен соң, жігіттің өзі байланысқа шығып, аман-есен екенін айтты. Тіпті бейнехабарлама жолдаған.

Асқардың отбасында жанжал болғаны белгілі болды. Сол себепті ол үйден кетіп, Алматыға жол тартты.

Другие новости

Back to top button