Мангистауская область

Маңғыстауда газ құбыры желісінде өрт шығып, жарылыс болды

Маңғыстау облысында газ құбырынан өрт шығып, жарылыс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhyоблыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқыс оқиға аудан аумағында «ИнтергазОрталықАзия» АҚ-ның САЦ-4 магистральді газ құбырында болды.

«18 наурыз күні түнгі сағат 23:00 минут шамасында Бейнеу ауылындағы «ИнтергазОрталықАзия» АҚ-ның САЦ-4 магистральді газ құбырының поршеньді жіберу торабында өрт шығып, жарылыс болды. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Өрт толықтай сөндірілді. Қазіргі таңда жарылыстың себебі анықталып жатыр», — деді Маңғыстау облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі

 

Другие новости

Back to top button