Мангистауская область

Маңғыстауда битум тиелген жүк көлігі Land Cruiser-ді жапырып өтті – видео

Жол апаты 14 тамызда кешкі сағат 17.00-де "Актау - Жанаозен" тас жолында болған

 Маңғыстау облысында Howo маркалы жүк көлігі Toyota Prado-ға соғылды.

Әлеуметткі желіде жол апатының видеосы тарады, деп хабарлайды Lada.kz порталы7

Облыстық полиция депаратменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, жол апаты 14 тамызда кешкі сағат 17.00-де «Актау — Жанаозен» тас жолында болған. Hofmann Gindorf маркалы тіркемесі бар Howo жүк көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, темір тосқауылды бұзып өтті.

Одан кейін қарсы бағытта келе жатқан Toyota Land Cruiser Prado-ны соғып өтті. Зардап шеккен адамдар жоқ. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабы (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы) бойынша хаттама рәсімделді.

Оған сәйкес, 20 айлық есептiк көрсеткiш (63 600 теңге) мөлшерiнде айыппұл салу немесе алты айға дейінгі мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыру жазасы қарастырылған.

Другие новости

Back to top button