Мангистауская область

Маңғыстау облысында «ӨзенМұнайГаз» компаниясы директорының орынбасары қамауға алынды

Маңғыстау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті лауазымдық өкiлетін асыра пайдалан деген күдікпен «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директорының орынбасары Бауыржан Мамбетсапаевты ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Бауыржан Мамбетсапаев лауазымын пайдаланып, жұмысқа қабылдау туралы бекітілген қағидаларды өрескел бұзып, өзінің бірқатар таныстарын «Өзенмұнайгаз» АҚ-на заңсыз жұмысқа қабылдады деп айыпталып отыр. Дегенмен Жаңаөзен қаласының 5 мың тұрғыны компанияға жұмысқа кіру үшін кезекте тұрған екен.

“Таныстарының жұмыссыз қатарында болмағанын, тиісті мамандыққа біліктігі сәйкес келмейтінін және жұмысқа мүлдем келмегенін Б.Мамбетсапаев анық білген. Б. Мамбетсапаевтың заңсыз іс-әрекетінен мемлекетке 46 млн теңгеден астам залал келді. Бұл Жаңаөзен қаласы тұрғындарының компанияға жұмысқа орналасу құқығының өрескел бұзылуына әкеп соққан”, – делінген хабарламада.

Қазіргі таңда Бауыржан Мамбетсапаевтың басқа да заңсыз әрекеттері, компанияның лауазымды тұлғалардың және мердігер мекемелердің бюджет қаражатын жымқыру фактілері тексеріліп жатыр.

Другие новости

Back to top button