Мангистауская область

Маңғыстау облысында жедел жәрдем қызметкерлері ереуілге шықты

Жұмысқа шығудан бас тартқандар жалақыны көтеруді талап етіп отыр

Маңғыстау облысында екі күннен бері жедел жәрдем қызметкерлері наразылық білдіріп жатыр. Жұмысқа шығудан бас тартқандар жалақыны көтеруді талап етіп отыр. Ашынған ақ халаттылар жұмыс орнында түнеп, қазан-ошағын да осы жерге әкеліп алған. Олардың айтуынша, айлық тым мардымсыз.

Ал наурыз айында жалақыға қосылған үстеме жаздың ортасынан бері төленбейтін болыпты. Сондықтан тамыз айында да ереуілге шыққандар осы жолы соңына дейін күресуге бел буып отыр, деп хабарлайды  КТК телеарнасы.

«Алатынымыз 155 мың теңге. Жүргізушілер 110 мың алады. Бұл қымбатшылық кезде өте аз ақша.  Бізде наурыз айында 40 мың теңге үстеме қосылған, енді сол 40 мың теңгені алып тастап отыр», — дейді фельдшер Жарасхан Серік.

Бұл Маңғыстаудағы жедел жәрдем қызметкерлерінің алғашқы ереуілі емес. Наразылар осыған дейін наурыз айында митингіге шығып, жалақы біраз көбейген. Алайда соңғы кездері басшылық оны да алып тастаған көрінеді. Бұл аздай, жұмыс жүктемесі де көбейіпті. Мәселен облыс бойынша 25 жедел жәрдем бригадасы болуы шарт екен. Бірақ қазір соның жартысы ғана жұмыс істейді дейді жиналғандар.

Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасы фельдшерлер мен жүргізушілердің мәселесінен хабардар. Бірақ бригада санын көбейту бір күннің жұмысы емес дейді. Ол сұрақты шешуге қосымша уақыт керек екен. Ал айлық мәселесі оң шешімін тауып, қызметкерлерге үстеме төленетін болыпты.

«Түсіндірме жұмысы жүргізілді. Айтылды. Кешеден бері 732 шақырту түсті. Оның 702-іне шақыртудың бәрі де диспетчер арқылы ауызша консультация берілді. Байқау кеңесінің шешімімен наурыздан бастап жүргізушілерге 90 мың теңге, фельдшерлерге 40 мың теңге, басқа қызметкерлерге 30 мың теңге, және тазалықшыларға 30 мың теңгеден қосылды. Ол наурыз айынан бастап. Мұндай үстеме ақы беру жалақысына 90 мың теңге беру басқа өңірлерде жоқ», — деді Маңғыстау облысы жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы директорының міндетін атқарушы Амантай Досжанов.

Другие новости

Back to top button