ГлавноеМангистауская область

Маңғыстау облысында ер адам үш баласын өлтіріп, артынан өзі асылып қалған

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында жантүршігерлік оқиға болды. Ер адам үш баласын асып өлтіріп, соңынан өзіне қол салған, деп хабарлайды Экспресс К.

Қайғылы жағдай 11 желтоқсанда болған. 1984 жылы туған ер азамат үш баласын өлтіріп, артынан өзі өледі. Балалар 2014, 2018 және 2022 жылы туған.

 

Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 102 нөміріне хабарласқан куәгер терезе арқылы үш баланың асылып тұрғанын көріп, бірден полиция мен жедел жәрдем шақырған. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары терезені шағып, ішке енгенде, шпагат жіпке асылып тұрған ер адам мен үш баланы көреді. Жедел жәрдем қызметкерлері олардың қаза тапқанын растады.

 

Сондай-ақ полицейлер марқұмның өлер алдындағы әйеліне жолдаған аудиохабарламасын тапты. Онда ер азамат өзіне қол салатынын және балаларды өзімен бірге ала кететінін айтыпты.

 

Болжам бойынша, марқұм мұндай қатыгездікке әйелі ажырасамын дегеннен кейін барыпты. Бұл дерек ҚК 99-бабы 2-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша Мұнайлы ауданының Пб СДТБТ-де тіркелді. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Другие новости

Back to top button