Мангистауская область

Маңғыстау облысында адам ұрлап, оны қатыгездікпен өлтірді деген күдікпен 2 адам ұсталды

Әлеуметтік желіде Маңғыстау облысында полицейлер 59 жастағы ер адамды ұрлап, өлтірді деген күдікпен екі әскери қызметкерді ұстағаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, күдіктілер өлтірген адамның басын кесіп, көміп тастаған. Бұл іске қатысы бар тағы бір күдікті ұстатпай қашып кеткен.

Аталған ақпаратты Маңғыстау облысының полиция департаменті растады.

“Адам ұрлығы мен өлтіру деректері бойынша 2 күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Үшінші күдіктіні ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді”, – деп жауап берді Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әйгерім Ибатуллаева редакция сауалына.

Мәліметтерге сүйенсек, қамауға алынған екі күдіктінің біреуі бұрынғы әскери қызметкер болып шықты.

Еске салайық, бұған дейін Ақтау іргесіндегі «Адай» базасының аумағында жолаушы такси жүргізушісін өлтіргенін жаздық. Полицияның мәліметінше, такси жүргізушісі мен жолаушы арасында жанжал туындаған. Салдарынан жолаушы такси жүргізушісін өлтірген. Жолаушының өзі де пышақ жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді.

Другие новости

Back to top button