Мангистауская область

Маңғыстау облысында 4,3 баллдық жер сілкінісі болды

Маңғыстау облысының аумағында бүгін, 10 сәуір күні жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстандық ұлттық деректер орталығының жедел деректеріне сәйкес, жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 01:40-та Құлсары қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 120 шақырым жерде болған. Оның эпицентрі Маңғыстау облысының аумағында болған.

Жер сілкінісінің магнитудасы – 4,3, энергетикалық класы 9,1 құрады.

Другие новости

Back to top button