Госорганы

МӘМС қоры қызметкерлерін қысқарта ма — басшысы жауап берді

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының төрағасы Айдын Құлсейітов штат санын қысқарту мүмкіндігіне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Құлсейітов басқарып отырған қордың жиі тексерілетінін айтты

Жалпы, Қазақстанда ең көп тексерілетін орган – біздің қор. Қазіргі сәттің өзінде де бізге қатысты тексерулер жүргізіліп жатыр, – деді ол.

Сқақовтың неге қызметінен кеткенін Құлсейітов түсіндіре алмады.

Бұл жөнінде пікір айтуға дайын емеспін, себебі менің келуім мен оның кетуінің арасында шамамен екі айдай уақыт өтті. Шын мәнінде, Сқақов көптеген дайындық жұмыстарын атқарды. Біз неге 1 шілдеден бастап жүйені толық қайта жүктейміз деп сенімді айтып отырмыз? Өйткені негізгі іргетасты қалайтын жұмыстар өткен жылы басталған болатын, – деді Құлсейітов.

1 шілдеде қор реформасының алғашқы кезеңі басталады. Бұл бірыңғай төлем жүйесінің мониторингін енгізумен байланысты.

Қанша сынаса да, «қор дұрыс жұмыс істемейді» десе де, кез келген жағдайда қорға түскен қаражаттың барлығы медициналық ұйымдарға жеткізіледі. Кез келген жүйеде кемшіліктер болады, – деді Айдын Құлсейітов.

Штатты қысқарту туралы сұраққа қор басшысы “бұл туралы нақты айтуға әзірге дайын емеспін. Алдымен жүйені іске қосуымыз қажет” деп жауап берді.

Другие новости

Back to top button