Культура

«Мамасының баласы»: Актер Шәріп Серік жарияланған челлендждің жүрегіне ауыр тигенін жасырмады (видео)

Отандық рэп орындаушысымен заңды түрде ажырасқан актер Шәріп Серік «TALK LIKE» бағдарламасында алғаш рет мәлімдеме жасады. Ол «мамасының баласы» атты челленджің жүрегіне ауыр тигенін жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Актер осы ажырасу мәселесі жүйкесін жұқартқанын жеткізді. Осы мәселе төңірегінде адамдардың челлендж жариялап, өзін «мамасының баласы» деп айыптағанын, осы себепті желіде жүздеген адамды блоктағанын айтты.

«Челлендж жасап жіберді. Бүкіл адамдар «Мамасының баласы» деп биледі. Қыздар, қандай мисызсыздар?! Болашақта сіздер де біреудің әйелі боласыз, біреудің анасы боласыз. Челлендж біреудің жүрегіне тиеді деп ойламайды. Әрине, жүрегіме тиді. Instagram ашып қалсам, «Мамасының баласы», «Мамсик», «Әлі кеудеден шықпадың ба?» деп жазады.

Мен ондайды түсінбейтін баламын. Бір-екеуіне жауап бердім. Жүз шақты адамды блоктап тастадым. Мен қазір түсініп тұрмын.

«Иә, мен мамасының баласымын» деп жауап беруім керек екен. Ал ол кезде жүйкем жұқарып кетті. Ондай нәрсені өзіңе әзілдеу арқылы жеңіл қабылдау керек екен. Өткен жылы Мөлдірмен кездестік, сөйлестік.

Мен Мөлдірден «Кешірші, мені. Менен де жаман нәрселер кеткен шығар» дедім. Бірақ екеуміз бірге жүрген уақыт күшті болды.

Естеліктер бар. Жақсы нәрселер де болды ғой.

Мөлдір де «Кешірші, қатты кетіп қалдым» деді. Кездесуге Мөлдірдің өзі шақырды. Келешекте екеуміздің қайта қосылуымыз мүмкін емес. Өйткені, бәріміз адамбыз ғой. Осы өткенді бетке басамыз мүмкін ғой», — деді Шәріп Серік.

Айта кетейік, Шәріп Серік осыған дейін ажырасуының себебін алғаш рет мәлімдеген болатын.

Другие новости

Back to top button