Госорганы

Мәжіліс Елбасы мәртебесі туралы заңның күшін жоятын құжатты қарайды

Депутаттар заң жобасын жұмысқа қабылдады

Мәжіліс Нұрсұлтан Назарбаевты «Елбасы» мәртебесінен айыруды қарастыратын заң жобасын жұмысқа қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

ҚР Парламенті Мәжілісі «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы» заң жобасын талқыламақ.

Палатаның жалпы отырысында Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы, депутат Арман Қожахметов аталған заң жобасы республикалық референдум қорытындылары бойынша ел Конституциясына енгізілген өзгерістерді іске асыру мақсатында әзірленгенін айтты.

«Атап айтатын болсақ, биылғы 8 маусымдағы Заңмен Конституцияға енгізілген түзетулерге сәйкес, Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мәртебесі мен өкілеттігі Республика Конституциясымен және конституциялық заңмен айқындалады деген норманы көздейтін Ата Заңның 46-бабы 4-тармағы алынып тасталды. Осыған байланысты, бұл заң жобасымен құқықтық негіздің жоқтығын ескере отырып, тиісті Конституциялық заңның күшін жою көзделеді», — деді А. Қожахметов.

Осылайша, Мәжіліс комитеті заң жобасын талқылауға алатын болды.

Другие новости

Back to top button