Госорганы

Мәжіліс депутатының баласының бесік арбасын өртеген күдікті ұсталды

Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбектің баласының бесік арбасын өртеген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Аталған оқиғаға ІІАлматы қалалық полиция департаменті қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлім етті.

«Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері аталған қылмыстық құқықбұзушылықты жасады деген күдікпен 1991 жылы туған Б. есімді азамат ұсталды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 293-бабы бойынша тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде», — делінген ПД хабарламасында.

Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр.

Еске салайық, Алматыда белгісіз біреулер заңгер, депутат Бақытжан Базарбектің отбасына тиесілі балалар арбасын өртеп жібергенін хабарлаған болатынбыз. Заңгердің өзі бұл оқиғаға қатысты «Менің отбасыма белгісіз біреулерден қоқан-лоққыға ұксайтын әрекеттер басталды» деп мәлімдеген еді.

Другие новости

Back to top button