ГлавноеШымкент

Мәжіліс депутаты Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болды

Парламент Мәжілісінің депутаты болған Руслан Берденов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қала әкімдігі таратқан мәліметке сүйенсек, Президент Әкімшілігінің келісімімен және Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Руслан Арысбекұлы Берденов қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Руслан Берденов 1985 жылы 6 наурызда Шымкент қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Жоғары білімі және магистрлік дәрежесі бар. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және КИМЭП университетін «Іскерлік басқару магистрі, қаржылық менеджмент маманы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2007 жылы «Procter & Gamble LLP» компаниясында бастаған. 2010-2012 жылдары «EASTCOMTRANS» ЖШС-ның жылжымалы құрамды жалға беру департаментінің директоры, 2012-2018 жылдары «Ақ ниет» ЖШС-ның бас директоры, 2018-2019 жылдары «Ақ ниет» ЖШС-ның бақылау кеңесінің мүшесі, 2019-2023 жылдары «Aq Niet Group» бақылау кеңесі төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.

2023 жылдың наурыз айынан бастап бүгінге дейін Парламент Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі болды.

Другие новости

Back to top button