Павлодарская область

Майқайыңда екі қызметкердің үйінді астында қалғанына екі ай болды

Майқайыңда кеншілердің үйінді астында қалғанына екі ай болды. Олардың туыстары президентке үндеу жасады, — деп хабарлайды Dalanews.kz.

Кеншілердің туыстары кезекті үндеуді тура екі айдан кейін жасаған. Үндеу авторлары президенттен 36 жастағы құтқарушы Айдос Шаймерден мен 55 жастағы жүргізуші Айып Тілеубергеновті іздеуге көмектесуді сұрайды.

«Еліміз өркениетті әлемде болғанымен, ашық карьердегі адамдарды екі айдан бері құтқара алмай жатырмыз. Айтарға сөзім жоқ», – деді Майқайыңдағы үйінді астында қалған жүргізушінің ағасы Амангелді Тілеубергенов.

Үндеуде жоғалып кеткен адамдардың жақындары оларды іздеу жұмыстарын жалғастыруды сұраған.

«Алдағы уақытқа жұмыс жоспары болмаған соң іздеу тоқтап қалды. Ол қашан дайын болады деген сұраққа бізге жауап бере алмай отыр. Сондықтан өзіміз осындай ұйым таптық, бірақ әлі олармен шарт жасасқан жоқпыз», – дейді құтқарушының әпкесі Айнаш Мәжитова.

Олар іздеу жұмыстары жалғаспай, осымен тоқтап қала ма деп алаңдап отыр. Олардың сөзінше, қайғылы оқиғаға жауапты адамдар жазадан құтылып кетуі мүмкін.

Айта кетейік, биыл 4 қаңтарға қараған түні Павлодар облысындағы «Майқайыңалтын» компаниясының шахтасының жанында түтін шықты деген хабар тараған болатын. Артынша компанияның төрт қызметкері отырған автобус шұңқырға түсіп кеткен. Екі қызметкер өлі табылды.

Қалған екі қызметкер әлі күнге дейін табылмай жатыр.

Другие новости

Back to top button