Культура

Махаббат, отбасы, мейірім – мәнді де маңызды тақырыптар күздің жаңа шығарылымдарында  

Көз жасқа толы күлкі, терең ойлар, махаббатың салтанаты – қазіргі қазақ киносы сан алуан жанрлармен және фестивальдық жеңістермен қуантады. Иви онлайн-кинотеатры трендтерді қадағалап, көрермендерге қазақ тілінде онлайн режимінде қолжетімді күздің алғашқы жаңа шығарылымдарын ұсынады

Бітпейтін той

Хикаяның басты кейіпкері атақты қыдырғыш Мухаға күтпеген жерден жақын досы Тамерланның үйлену тойында ұл жолдас болуы бұйырыпты. Бірақ Тамерланның таңдауы  дәстүрге жақын туыстарының жоспарлары мен талғамдарына сәйкес келмейді. Тойдың таңы атып, Мұха қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына бай тамаша мерекеге аттанады. Бірақ бұл салтанат пен махаббат әлеміндеде тынымсыз Муха шытырман оқиғаға тап болып, өкінішке орай, қалыңдықтың көз жасына қалады. Алайда, келесі күннің таңы Мұхаға ғажайып нәрсе әкеледі. Ол күн сайын үйлену күнінің шексіз қайталанатын қатып қалған уақытқа тап болады. Басты сұрақ: Муха бұл таңқаларлық уақыт циклін жойып, бәрін қалыпты жағдайға қайтара ала ма?

Любой проблема шешеміз

Комедияның басты кейіпкерлері мейірімділік, тектілік деген қасиеттерге мүлдем жоқ. Жылжымайтын мүлік агенті сенгіш адамдарды алдап, ескі лашықтарды қомақты сомаға сату арқылы табысқа жетті. Екінші кейіпкер балалардан да ұрлаудан таянбайды. Жемқор полицей бітпейтін айыппұлдан қыруар табыс тапты. Ал жосықсыз коллектор байғұс борышкерлерді қорқытып, соңғы ақшаларымен бопсалаған. Бірақ кейіпкерлер емделмейтін дертке шалдыққандарын және бар болғаны үш ай ғана өмір сүретіндерін білгенде бәрі өзгереді. Бұл «керемет» жаңалық төрт кейіпкерді бүгінгі күндеріне және өткен жылдарға жаңаша қарауға мәжбүр етеді. Олар өмірлерінде бірінші рет қандай да бір жақсылық жасауға тырысады.

Бишарашки

Қазақстандық табысы жақсы кәсіпкер прокуратураның, салық инспекциясының, тіпті мафияның қудалауына ұшырап, отбасымен бірге қаладан қашып, шағын ауылды паналауға мәжбүр. Қиындықтан құтылу үшін Бәйтемір әйелімен және екі есейген балаларымен бірге ауылдағы туыстарына баруға шешім қабылдайды. Таудағы шағын қыстақта өмірден жаңылған қала тұрғындары өздеріне жат шындыққа тап болады. Ал бұл сапар кейіпкерлерімізді қалай өзгертетінін тек елестете аламыз…

 

Бойдақ күйеу

Күтпеген жайтқа айналатын үйлену тойының алдындағы ертегі – қазақтың «Бойдақ күйеу» романтикалық комедиясының сюжетін осылай сипаттауға болады. Бақытты келін Жібек күтпеген жерден өзінің әлдеқашан бейтаныс адамға үйленгенін біледі! Бұл неке оңай түзетілмейтін бюрократиялық қателіктің нәтижесі болып шықты. Іс қағаздарындағы бұл қате кездейсоқ ерлі-зайыптылардын таң қалдырады. Енді олар ажырасу туралы арыз беру үшін кездесуі керек, бірақ кездесу олардың барлық сенімдеріне қарсы шығып, өмірлерінің бағытын өзгертеді. Бұл жеңіл әрі күлкілі оқиғада, Алматының әсем көріністерінің фонында көптеген қызық та өмірлі сәттер ашылады.

«Тау жуа»

Бізді өмірдегі маңызды өзгерістерден ажырататын бірнеше қадамдар ғана. «Тау жуа» фильмі бұл шындықты қаладан ұлан-ғайыр далаға қоныс аударған он бір жасар Жабай мен оның жанұясының хикаясында ашып көрсетеді. Бұл қадам баланың ата-анасы арасындағы онсыз да қиын қарым-қатынас үшін маңызды сынақ болды. Анасы киіз үйде тұрудың қиындығына тап болып, көп ұзамай атақты жүк көлігінің жүргізушісімен қарым-қатынас бастайды. Дегенмен, Жабай отбасы бақыты барлық күш-жігерге тұрарлық құндылық деп шешіп, қарындасы Саниямен бірге керемет шытырман оқиғаға аттанады. Жас қаһарман үшін бұл Қытайға саяхат, онда ол әкесінің ер күшін қалпына келтіріп, отбасын сақтай алатын «сиқырлы» дәріні табуға үміттенеді. Венеция кинофестивалінде жылы лебізге ие болған бұл хикая отбасына деген сүйіспеншілік пен адалдықтың кез келген қиындықты жеңетіні жайлы. Фильм өзінің таңғажайып оқиғасымен және көрермендерге жеткізетін терең адами құндылықтарға назар аударып, фестивальдің арнайы жүлдесін жеңіп алды. Фильм қазақ тілінде орыс субтитрлерімен Иви+Start жазылымы бойынша қолжетімді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Другие новости

Back to top button