Главное
«Маған деген жоспары одан да ғажап»: Жұлдыз Әбдікәрімова жүкті екенін көрсетті

Танымал театр және кино әртісі, тележүргізуші Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші сәбиін күтіп жүр. Әнші Қайрат Нұртастың әйелі жүкті сәтінен фотосессия жасап, жеке парақшасына видео жариялаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әбдікәрімованың өзі бұл видеоны сторисінде «Жыл жаңалығы» деп атаған.
«2025 жылға менің жоспарым болған… Алайда ОНЫҢ маған деген жоспары одан да ғажап әрі қайырлы!», — деп жазба қалдырған актриса.
Видео астына пікір жазған желі қолданушылары актрисаның сәбилі болатынына қуанып, жүрекжарды тілектерін жазып жатыр.
«Өтеее қуаныштымын! Аман-есен болыңыз. Қандай керемет жаңалық. Алла қаласа денсаулығы мықты сәби келсін! Өте-өте қуаныштымын сендер үшін. Алладан сұрап жүрген дұғам қабыл болғандай қуанып отырмын. Қайраттың кішкентай бала керек дегенін көрген едім. Өзім мама болатындай қуанып кеттім. Аман-есен босанып алыңыз», — деп жазған адамдар.
Айта кетері, қазір Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың екі қыз, екі ұлы бар.