Мангистауская область

MAЭК-те жұмысшы көз жұмды: желіде оқиға орнынан видео тарады

Әлеуметтік желілерде Маңғыстау атом-энергетика комбинатында жұмысшының қайтыс болған жерінен бейнеролик пайда болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Кадрларда еденде шашылған қирандыларды көруге болады. Сондай-ақ, кенеппен жабылған жұмысшының денесі, жедел жәрдем қызметкерлері байқалады.

Өлімнің себебі еңбекті қорғау ережелерін бұзу болып отыр. Жөндеу шеберханасының шебері құбыр құлағаннан кейін қайтыс болған. Оқиға үлкен резонанс туғызды, қазір тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, ер адамның өлімі туралы ақпарат 23 желтоқсанда пайда болған.

ӨНДІРІСТЕГІ ӨЛІМ  

14 желтоқсанда Павлодар облысындағы «Майқайың Алтын» АҚ шахтасында қайғылы оқиға орын алған: тиеу-жеткізу машинасының дөңгелектерінің астында жұмысшы қаза тапқан.

Қараша айының басында салынып жатқан Qaraghandy power Silicon зауытында қайғылы оқиға тіркелді. Жұмысшы биіктен құлап, алған жарақаттарынан көз жұмды.

Другие новости

Back to top button