Госорганы

Мәди Ахметов Тұңғыш Президент күні мекересін алып тастауға дауыс берді

Мәжілісмен Мәди Ахметов басқа депутаттармен қатар Тұңғыш Президент күні мекересін алып тастауға дауыс берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бүгін Мәжіліс депутаттары Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастауды қарастыратын заң жобасын мақұлдады. 98 депутаттың барлығы өзгерістерді қолдады, оның ішінде осыған дейін Алматыда Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішін орнатуды ұсынған Мәди Ахметов те бар.

Журналистер депутаттың өзінен оның әрекеті бұрынғы ұсынысқа қайшы келе ме деп сұрады.

«Біз қазір Жаңа Қазақстанды құрып жатырмыз, осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Тағы да айтамын, қаңтар оқиғасына дейінгі Қазақстан мен қаңтар оқиғасынан кейінгі Қазақстанды салыстыруға болмайды. Біздің қағидатымыз жеке тұлғаны көтеру емес, мемлекеттілік болуы керек», — деді ол.

Другие новости

Back to top button