Госорганы

Мәдениет және ақпарат вице-министрі TikTok-ты бұғаттауға қатысты сұраққа жауап берді

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов Қазақстанда TikTok-ты бұғаттауға қатысы пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат порталы хабарлайды. 

Министрлік өкілінің айтуынша, Қазақстанда TikTok әлеуметтік желісін бұғаттау жоспарда жоқ. Дегенмен, кейбір шектеулер енгізілуі мүмкін.

«Қазіргі уақытта бұғаттау мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ, бірақ заң талаптары сақталмаған жағдайда, желіге кіруді шектеуге қатысты шаралар қарастырылады», — деді Ысқақов.

Сонымен бірге ол министрліктің TikTok өкілдерімен жарияланған контент мәселелері бойынша жүйелі түрде жұмыс істейтінін атап өтті.

«Бұзушылық түрлеріне келсек, біз ресми өтініштерде контент жүктеген бірқатар адамдардан жалған ақпарат таратуға, балаларға арналған контентке қатысты мәселелерге, жеке тұлғаларды қорлау мен жала жабуға қатысты заң бұзушылықтарды келтірдік. Алайда, біз жалпы онлайн платформалардың барлық әкімшілерімен жұмыс істеп жатқанымызды атап өткім келеді», — деді вице-министр.

Айта кетейік, бұған дейін мәдениет және ақпарат министі Аида Балаева әлеуметтік желіде алаяқтық пен жалған ақпарат тарату фактілерінің көбейгеніне байланысты TikTok әлеуметтік желісі бұғатталуы мүмкін екенін айтты. 

Другие новости

Back to top button