Главное

ЛУДОМАНИЯ: ҚАЗАҚСТАНДА ДИНАМИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУҒА АЛУ ЕРЕЖЕСІ ӨЗГЕРУІ МҮМКІН

-Лудомания дертінің алдын-алудың ең негізгі мәселесінің бірі- құмар ойынға тәуелді адамдардың көмекке жүгінуі өте төмен. Себебі, тұрғындар медициналық көмекке жүгініп, динамикалық бақылауға , яғни психиатриялық есепке ілініп кетеміз деп қорқады. Сондықтан қазір лудоманиямен емделуге келген науқас жайлы деректерді динамикалық бақылау тізіміне енгізбей, консультациялық бақылауға енгізу мәселелері пысықталып жатыр. Биыл жыл соңына дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтарына тиісті өзгерістер енгізуді жоспарлап отырмыз,- дейді Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталықтың бас директоры Қуаныш Алтынбеков бүгін Алматыда «Қазақстан баспасөзі клубында» өткен баспасөз маслихатында айтты.

Бүгін «Қазақстан баспасөз клубында «Қазіргі қоғамдағы психикалық денсаулық, біз не туралы үндемей қалуға тырысамыз?» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.
Брифинг психикалық денсаулық мәселелеріне арналды. Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай ұйымдастырылған жиын « әрқайсымыз не істей аламыз, не туралы үндемей қалуға тырысамыз? » деген сұраққа жауап беруге бағытталды. 2023 жылдың 10 қазанда психикалық денсаулық күні «Біздің ақыл-ойымыз, біздің құқықтарымыз» ұранымен «Психикалық денсаулық — әр адамның жалпы құқығы» тақырыбына арналды. Жиынға қатысқан сарапшылар психикалық ауытқулары бар адамдардың ең өзекті мәселелерін айтып, жағдайды жақсартуға бағытталған ұсыныстар, жобаларды талқылады.


Қуаныш Алтынбековтің айтуынша елімізде лудомания ауруына шалдыққан 10 пациент динамикалық бақылауға тіркелген. Мамандардың пікірінше, науқастардың көпшілігі ойынқұмарлықты ауру деп мойындамайды, есепке алады деген үреймен жекеменшік клиникалардан ем іздейді.

-Еліміздің барлық облыс орталықтарында , Астана, Алматы, Шымкент қалаларында психикалық денсаулық орталықтарында тегін емделуге барлық тұрғынның құқығы бар. Сонымен бірге аудандық , қалалық емханаларда алғашқы психологиялық медициналық қызмет көрсететін кабинеттер жұмыс істейді,-дейді бас психиатр .

Баспасөз клубында өткен жиында Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Орталық Азия елдері бойынша Еуропалық бюросының психикалық денсаулық жөніндегі Пан — Еуропалық коалициясының консультанты, Шығыс Еуропа елдеріндегі Дүниежүзілік психиатриялық қауымдастықтың өкілі, жоғары біліктілік санатты психиатр дәрігер Негай Николай жер шарында миллиардқа жуық тұрғын психикалық аурулардың шырмауында жүр дейді. Олардың 14% жөсөспірімдер .

— Психикалық ауруларға қатысты стигма қоғамда, тіпті денсаулық сақтау саласында кең тараған. Бұл психикалық денсаулық және өз-өзіне көмек беру қызметтерін жақсартуға үлкен қауіп төндіреді. Бүгін біз стигма мәселесіне және оның психикалық ауытқулары бар адамдар үшін әсерінің жойқын екеніне назар аударамыз. Стигматизация адамның құқықтары мен мүмкіндіктерін тежеп, әлеуметтік оқшаулану мен кемсітушіліктің белең алуына ықпал ететіні айқын,- дейді Николай Негай.

Баспасөз маслихатында сарапшылар психикалық денсаулық қызметі, кемсітушілікті дестигматизациялаумен күрес , сондай-ақ сапалы медициналық көмекке қолжетімділікті арттыру жолдарын талқылап, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Другие новости

Back to top button