Спорт

Лионель Месси АҚШ-тың «Интер Майами» клубына ауысты

Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси АҚШ-тың «Интер Майами» клубында ойын көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Бұл жөнінде ол «Mundo Deportivo» сайтына берген сұхбатында ресми түрде мәлімдеді.

Арнайы мәлімдемесінде «Барселона» және «Пари Сен-Жермен» клубтарының бұрынғы ойыншысы жаңа командаға ауысқанын растады.

«Мен «Барселона» командасына оралмаймын, мен «Интер Майами» командасы қатарына қосыламын. Енді реттейтін бірнеше жұмыс бар. Бұл сауал 100 пайыз толықтай шешілді деп санаймын», — деді ол.

Еске салсақ, жақында Месси Францияның «Пари Сен-Жермен» клубынан кеткенін мәлімдеген болатын. Аргентина құрамасының 35-жастағы шабуылшысы аталған клубтан еркін агент ретінде кетті. Командада 2021 жылғы жаздан бері ойын көрсетті.

Месси «Интер Майами» клубынан бұрын «Бсрселона» мен Сауд Арабиясының «Аль-Хиляль» командаларының ұсынысын қабылдаған жоқ. Сауд Арабиясының клубы оған екі жылға 1,2 миллиард еуро еңбекақы ұсынған болатын.

Өткен маусымда аргентиналық шабуылшы «Пари Сен-Жермен» сапында 41 ойында 21 гол соғып, 20 нәтижелі пас берді.

Еске салсақ, бұдан бұрын Карим Бензема саудиялық «Әл-Иттихад» клубының ойыншысы атанды.

Другие новости

Back to top button